Accessibility links

Әндіжан қырғыны

Бұдан 20 жыл бұрын, 2005 жылғы 13 мамырда Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы наразылық шеруін үкімет күш қолданып басып-жаншыды. Әскер мен полицейлер Әндіжан алаңына жиналған жұртқа оқ боратқан. Ресми мәліметте 187 адам өлген деп көрсетілген. Алайда түрлі бейресми деректер қаза тапқандар бұдан әлдеқайда көп екенін айтады. Халықтың көпшілігінде қару болмаған, олардың арасында әйелдер мен балалар, қарттар да жүрген. Халықаралық ұйымдар бұл оқиғаны "Өзбекстандағы қатыгез режимнің бет-бейнесін ашып берген қанды қырғын" деп те атайды. AFP, epa, RFE/RL суреттерінен жасалған фотогалерея.


XS
SM
MD
LG